Алматыда қытай көліктері шығарылады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы В Алматы начнут производить китайские автомобили
В Алматы начнут производить китайские автомобили - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Екі жаңа зауытта қытай брендінің 170 мыңға жуық көлігін шығару жоспарлануда
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Алдағы екі жылда Алматыда қытай көліктерінің өндірісі басталады. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасындағылар хабарлады.
Кемінде 220 мың автомобиль шығаратын автокластерді қалыптастыру аясында жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейін екі жаңа автомобиль зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жоба аясында оңтүстік астанада қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендті зауыты (жылына 90 мың автомобиль) және Orbis Manufacturing зауыты (жылына 80 мың автокөлік) құрылады. Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда экономиканы дамыту үшін жыл сайынғы өсімі 10 пайызды құрайтын инвестиция тарту жоспарланып отыр.
2024 жылы – 1,8 триллион теңге, 2025 жылы – 2,1 триллион теңге. Индустриалды аймақты кеңейту 2025-2026 жылдары 230 миллиард теңгенің қосымша жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматының экономикалық өсімін 2025 жылы 6,5 пайызға жеткізуге бағытталған.
Жаңалықтар
0