Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский: әскерилер тағы 500 мың адамды мобилизациялауды сұрап отыр

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Украинаның әскери қолбасшылығы президенттен тағы 450-500 мың адамды мобилизациялауды сұрады, бірақ мұндай шешім 500 миллиард гривнаға жуық қаржыны талап етеді, деді Владимир Зеленский баспасөз конференциясында.
"Мен бұл шешімді қолдау үшін көбірек аргумент қажет екенін айттым", - деп мәлімдеді Зеленский.
Украина басшысының айтуынша, мұндай ауқымдағы мобилизация республика бюджетіне 500 миллиард гривен (13 миллиард доллар) шығын әкеледі.

Әйелдерді мобилизациялау туралы

Зеленский Украинада әйелдерді мобилизациялау туралы заңға қол қоймайтынын айтты. Ал мобилизациялау жасын 25 жасқа дейін төмендетуге "қажетті аргументтер келтірілген жағдайда келісуі мүмкін".
2022 жылдың ақпан айынан бастап Украинада әскери жағдай және жалпыға бірдей мобилизациялау туралы жарлық енгізілді. 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынды. Әскери қызметтен жалтарғандар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ресеймен келіссөз жүргізу туралы

"Қақтығысты реттеу бойынша Ресеймен келіссөз жүргізу мәселесі қазір өзекті емес", - деді Зеленский.

НАТО-ға кіру туралы

Зеленский Украинаны НАТО-ға шақырмай жатқанын, ал елдің альянсқа "бөліп-бөліп" қосылу нұсқасы қарастырылмағанын айтты.
"НАТО-ға жарым-жартылай кіру мүмкін бе? Бізді НАТО-ға шақырған жоқ, ал жарым-жартылай қатысу тақырыбы бос сөз. Бізге серіктестерден мұндай ұсыныс ешқашан түскен емес, оның қалай болатынын мен елестете де алмаймын", - деп РИА Новости Зеленскийдің сөзінен үзінді келтірді.
2022 жылдың қыркүйек айының соңында Киев режимінің басшысы Украина НАТО-ға жеделдетілген түрде қосылуға өтініш бергенін хабарлаған болатын.

Германия туралы

Украина Германияның көмегін қолдау сөздерімен ғана емес, нақты қадамдармен бағалайды, деп мәлімдеді Владимир Зеленский.
Немістің Der Spiegel басылымының журналисі Зеленскийден Германия канцлері Олаф Шольцтің Украинаны "соңына дейін" қолдауға дайынмын деген мәлімдемесіне сенесіз бе деп сұрады.
"Канцлер Шольц басқаратын Германия Украинаны қолдау көлемі бойынша екінші орында. Мен неміс қоғамына алғыстан басқа айтарым жоқ. Соңына дейін деген нені білдіреді? Көрейік, біз адамдардың сөзіне ғана емес, қадамдарына баға береміз", - деді Зеленский.
Жаңалықтар
0