Өңірлер

Батыс Қазақстанда орталық директоры өз ұлын жұмысқа заңсыз қабылдаған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
Жазылу
Бәйтерек ауданының прокуратурасы балалар лагерьлерінде тексеріс жүргізген
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының прокурорлары балалар лагерьлерінде бірқатар заңбұзушылық анықтады.
Тексеріс барысында Тәрбие жұмысы орталығының директоры "Жас ұлан" балалар лагеріне тиісті білімі және біліктілігі жоқ ұлын жұмысқа заңсыз қабылдағаны анықталды. Бұған қоса баласына белгіленген мөлшерден артық жалақы аударған.
Бәйтерек ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен орталық директорына "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 50-бабы 1-тармағы 4-тармақшасы негізінде қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды.
Ал артық аударылған жалақы мемлекетке қайтарылды.
Сондай-ақ, "Достық" балалар лагерінің ғимараты апатты жағдайда екені және лагерьде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайтыны белгілі болды.
Балалар лагерінде істейтін 13 қызметкердің тиісті медициналық рұқсаты болмаған.
Бұдан бөлек, балалар лагерінің меңгерушісі бюджет қаражатын жымқырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған.
Бәйтерек ауданы прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) және 190-бабы 2-бөлігі (қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Алайда кейін мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Қоғам
Текеліде балалар лагерінде шизофрениямен ауыратын медицина қызметкері жұмыс істеген
Жаңалықтар
0