Қазақстандықтар арнайы әлеуметтік төлемнің көлемін өз бетінше есептей алады

© Sputnik / Ертай Сарбасов Каска
Каска - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
Әңгіме 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды жұмыста істейтін адамдарға берілетін төлем туралы болып отыр
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. HR Enbek еңбек ресурстары порталындағы жеке кабинетте зиянды жұмыста істейтін адамдарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін алдын ала есептеуге арналған калькулятор енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Калькуляторды қолдану үшін пайдаланушы-жұмыскер электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы верификациядан өтуге тиіс.
Жеке кабинетте тексеруден өткеннен кейін "Профиль" бөлімінде "Қызметкердің деректері" қосымша бетінде төлемнің алдын ала мөлшерін есептеуге болады.
Бұл ретте үш белгі бойынша есептеу жүргізіледі:
1.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлемсіз;
2.
БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) жинақтау есебінен төлеу;
3.
БЖЗҚ-дан МКЗЖ және міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) жинақтау есебінен төлеу.
Алдын ала есептеулердің кез келген түрі келесі деректерді қамтиды:
жұмыс беруші айларда аударған МКЗЖ саны,
арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері,
өмірді сақтандыру компаниясынан төлем,
жұмыс берушіден төлем.
Сонымен қатар МКЗЖ, МЗЖ және МКЗЖ жинақтау есебінен БЖЗҚ-дан төлем алынуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға 55 жасқа толған кезде және олар үшін кемінде 7 жыл МКЗЖ төленсе арнаулы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі беріледі.
Арнаулы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Сондай-ақ оны алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауысып, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
Жаңалықтар
0