Үржарда мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Абай облысының Үржар ауданында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды.
Жергілікті еріктілер баланы 3 сағат бойы іздеді.

"Қолмен ойықтар жасалды. Мәйіт бала құлаған орыннан 75 метр жерден табылды", - деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға бүгін түс кезінде болды. 5 жасар екі бала ауылдың шетіндегі Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Жұқа мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен.
Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгірген. Куәгерлер бірден учаскелік инспекторға қоңырау шалған. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырды.
Жаңалықтар
0