Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда мемлекетке алты миллиард теңге шығын келген

© Sputnik / Ақмарал ШағатайТараз қаласы, 6 қаңтар
Тараз қаласы, 6 қаңтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Қаңтар оқиғасы кезінде өңірде 15 адам бақилық болды
АСТАНА, 25 желтоқсан - Sputnik. Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде бір ғана Тараз қаласында қираған ғимараттар мен тоналған, өртенген нысандарды есептегенде мемлекетке 6 млрд теңге материалдық шығын келгені нақтыланды, деп жазды Хабар 24.
Оқиға кезінде митингке шыққандар 7 әкімшілік нысанға басып кіріп, облыс әкімдігі мен "Аманат" партиясы өңірлік филиалының ғимаратын өртеп жіберді. Ал Полиция департаментінен 800-ден аса қару ұрланды. Қазір солардың басым бөлігі табылып, қираған ғимараттар қалпына келтірілді. Зардап шеккен кәсіпкерлердің нысандары қалпына келді ме? Олардың бүгінгі жай-күйі қандай?
Сол тұста Бауыржан Үдергенов мамандандырылған күзет қызметі басқармасын басқарған болатын. Айтуынша, митингке шыққандар 4 қаңтар күні әкімдік ғимаратына шабуылдаған.
"Митинг басталғанда біз облыс әкімдігінде 100 қызметкер болдық. Алғашында оларға тойтарыс бергенімізбен, кейінірек шабуылдар молотов коктейлдерін жағып ғимаратты өртеу бастады. Амалсыз ғимараттың артқы егісінен сыртқа шықтық. Ал ол жақта 500-ге тарта бүлікшілер жабылып, бізді ұрып соқты. Барлығымыз дене жарақатын алдық", - дейді ол.
Бүлікшілер әкімдіктен қолға ілінгеннің бәрін тонап, артынша ғимаратты өртеп жіберді. Сол тұста Махметғали Сарыбеков облыстық мәслихаттың хатшысы болатын. Ол жиналғандармен тілдесу үшін халық алдына шықты. Бірақ бейбіт тарауға шақырған үндеулер тыңдаусыз қалды.
"Материалдық шығындарға есеп жасаған кезде 6 миллиард теңге деп нақтыланды. Енді ол қаражат біздің ұлттық үкіметтің резервінен бөлінді. Қазір барлық ғимараттар өзінің қалпына келтірілді. Бірақ енді өкінішке орай, сол қаражатты басқа мақсатта пайдалануға болатын еді. Мектеп соғуға балабақша соғуға аурухана соғуға. Болмаса енді мынау кезекте тұрған біздің тұрғындарымызға үй беруге дегендей мәселеге. Бірақ өкінішке қарай осы қаңтар оқиғасының нәтижесімен ол қаражат басқа мақсатқа пайдаланылды", - дейді Махметғали Сарыбеков.
Қаңтар оқиғасы кезінде өңірде 15 адам бақилық болды. Оның екеуі күштік құрылым қызметкері. Оқиға кезінде қаншама жекеменшік нысандар қирап кетті. Жаппай тәртіпсіздіктен облыстағы 30 бизнес нысаны қирады.
Жаңалықтар
0