Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысты – зардап шеккендер бар

© Sputnik / Абзал КалиевЖедел жәрдем көлігі, архивтегі фото
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
Кем дегенде бір адам ауруханаға жатқызылды
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысты, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Ірі жол апаты Абай даңғылындағы "Астықжан" сауда үйінің жанында 26 желтоқсан күні сағат 11:10 шамасында болды. Қазіргі уақытта 1 адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға орнында Қостанай қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы бір топ адамды қағып кетіп, салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.
"47-бағдардағы автобуста келе жатқан жолаушы жүргізуші әйелді ұрып, есінен тандырған", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Автобус төрт көлікті соғып өтіп, аялдама маңында тұрған адамдарды қағып кетті.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық клиникалық ауруханаға үш ересек адам түскенін хабарлады. Тағы бір 15 жастағы бала №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.
Жаңалықтар
0