AI•KÚN және TÚIE: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҚазақстан Ұлттық банкінің ғимараты
Қазақстан Ұлттық банкінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN және "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
AI•KÚN
Дизайн қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы саналады.
© Photo : Нацбанк Казахстана"Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN коллекциялық монеталары
Коллекционные монеты AI•KÚN из серии Магические символы и TÚIE из серии Культовые животные – тотемы кочевников. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
"Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN коллекциялық монеталары
Монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған. Күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – antique silver, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.
TÚIE
TÚIE – "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.
© Photo : Нацбанк Казахстана"Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE коллекциялық монеталары
Коллекционные монеты TÚIE из серии Культовые животные – тотемы кочевников - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
"Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE коллекциялық монеталары
Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.
Монеталар 3 түрде дайындалды:
925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;
925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана;
мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.
Күмістен жасалған AI•KÚN және TÚIE монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ нөмірлік сапа сертификаттарымен кәдесый қаптамасында шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Жаңалықтар
0