Қаржы министрлігінің қызметкерлері жаңа жылға қанша теңге сыйақы алады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Казахстана Асет Турысов
Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Казахстана Асет Турысов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Министр жалпы бюджетте сыйақыға арналған арнайы бап жоқ екенін атап өтті
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігінің қызметкерлері жыл соңында 3-4 еңбекақы мөлшерінде сыйақы алады. Бұл туралы вице-премьер - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, сыйақы мөлшерін анықтаудың айқын ережелері бар. Сыйақы ерекше, күрделі және негізгі уақыттан тыс жұмыстар үшін беріледі. Әрбір мемлекеттік орган қаржыны өз бетінше бөледі.
"Қаржы министрлігі – үлкен ұйым. Өңірлер бөлек, орталық аппарат бөлек алады. Механизм сондай. Жұмыс нәтижесі бойынша 3-4 еңбекақы мөлшерінде алады деп ойлаймын", - деді Жамаубаев мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министр жалпы бюджетте сыйақыға арналған арнайы бап жоқ екенін атап өтті. Жалақы, іссапар шығындары және басқа да ағымдағы шығындардан үнемделген ақшадан жыл соңында қызметкерлерге сыйақы берілуі мүмкін.
Жаңалықтар
0