Қазақстан 2024 жылы Байқоңырдан ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын бекітті

© Sputnik / Alexander MokletsovБайқоңыр
Байқоңыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Қазақстандық тарап мақұлдаған құжаттар Сыртқы істер министрлігі арқылы Ресейге беріледі
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан үкіметі 2024 жылы Байқоңырдан ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын бекітті.
Құжат нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
"Қазақстан Республикасының үкіметі Ресей тарапы ұсынған Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі" мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2024 жылға арналған жоспарын келіседі", - делінген хабарламада.
Құжатта бұл жоспар Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі арқылы 2023 жылдың 2 қарашасында ұсынылғаны аталып өткен.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қорытындыны 2023 жылдың 30 желтоқсанына дейін дипломатиялық арналар арқылы ресейлік тарапқа жіберу тапсырылды.
Ресей Қазақстаннан Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алып отыр.
Жаңалықтар
0