https://sputnik.kz/20231228/shymkent-politseyleri-balalar-uyinin-tarbielenushisinin-armanyn-oryndady-41263934.html
Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады
Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады
Sputnik Қазақстан
Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды 28.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-28T12:24+0500
2023-12-28T12:24+0500
2023-12-28T12:24+0500
полиция
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады, деп хабарлайды Polisia.kz. Ислам Сүлейменовтің оқиғасын ерекше мереке қарсаңындағы нағыз ғажайып деп атауға болады. 14 жастағы Ислам – Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды. Форма киген патрульдік көліктегі адамдардың жұмысын қызыға бақылайды екен. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің арманын жүзеге асыруды ұйғарып, полиция департаментіне шақырды. Мұнда Исламға жедел басқару орталығы көрсетілді. Ол үлкен залдың қабырғасын алып жатқан экрандар арқылы мегаполис өмірін тамашалау кезінде түрлі эмоцияға бөленді. Жедел басқару орталығына барғаннан кейін мектеп оқушысы патрульдік полиция полкінің қызметтік көлігінің жүргізуші орындығына отырып, көлік ішіндегі құрал-жабдықтармен танысып, нағыз рация арқылы байланысқа шықты.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
полиция, шымкент
Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады
Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды
АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Ислам Сүлейменовтің оқиғасын ерекше мереке қарсаңындағы нағыз ғажайып деп атауға болады. 14 жастағы Ислам – Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды. Форма киген патрульдік көліктегі адамдардың жұмысын қызыға бақылайды екен.
Тәртіп сақшылары жасөспірімнің арманын жүзеге асыруды ұйғарып, полиция департаментіне шақырды. Мұнда Исламға жедел басқару орталығы көрсетілді. Ол үлкен залдың қабырғасын алып жатқан экрандар арқылы мегаполис өмірін тамашалау кезінде түрлі эмоцияға бөленді.
Жедел басқару орталығына барғаннан кейін мектеп оқушысы патрульдік полиция полкінің қызметтік көлігінің жүргізуші орындығына отырып, көлік ішіндегі құрал-жабдықтармен танысып, нағыз рация арқылы байланысқа шықты.