Экономика

Смайылов Qarmet-ке қатысты қажетті шешімдерді бір аптада қабылдауды тапсырды

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
Инвестор кәсіпорын қызметін тұрақтандыруға 28,6 млрд теңге инвестиция құйған
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Qarmet компаниясының қызметі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Жиында комбинатты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, дайын өнім экспортын қолдау шаралары, салық салу, анықталған экологиялық заңбұзушылықтарды жою және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.
"2024 жылы Qarmet алдындағы негізгі міндеттер қатарында – жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасасу және өнімсіз шығындарды азайту арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері бар", - делінген хабарламада.
Жалпы жаңа бизнес-модель аясында алдағы жылдары өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру, қауіпсіздік көрсеткіштері мен экологиялық жағдайды түбегейлі жақсарту (атап айтқанда, газға көшу), шығарылатын өнім номенклатурасын қайта қарау және тағы басқа шаралар қабылданады.
Премьер-министр мемлекеттік органдар тарапынан комбинаттың өзекті мәселелерін шешуде қажетті қолдау көрсетуі керек екенін атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов бір апта ішінде ең басым міндеттер бойынша қажетті шешімдерді қабылдауды тапсырды.
Үкіметтің ақпаратынша, қабылданған жедел шаралардың арқасында кәсіпорында желтоқсан айында өндіріс көлемі артқан. Ферроқорытпа қоры мен көмір қоры өсті. Дайын өнімді жөнелту қайта жанданды.
Кәсіпорын қызметін тұрақтандыруға 28,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Еңбекақы уақытылы беріліп, салық төлемдері, сондай-ақ МӘМС төлемдері жүргізілді.
АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Мемлекет басшысы "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа иесіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0