Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

© WAKIL KOHSARБоец талибов стоит на на вершине холма Вазир Акбар Хан
Боец талибов стоит на на вершине холма Вазир Акбар Хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
"Талибан қозғалысы" әлемнің көптеген елінде тыйым салынған террористік ұйым деп танылған болатын
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан "Талибан қозғалысын" тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін жаңарту мақсатында тұрақты түрде аудит жүргізіледі. Осы процестің бір бөлігі ретінде БҰҰ тәжірибесіне сай "Талибан қозғалысын" одан шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан" қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді,", - деді Смадияров.
Айтуынша, Қазақстан қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанады.
Естеріңізге сала кетейік, "Талибан" қозғалысы 1986-87 жылдары басталған. Әлемнің көптеген елінде тыйым салынған террористік ұйым деп танылды. "Талибан" Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы америкалық әскерлер елден шығарылғаннан кейін қозғалыс билікке қайта оралды.
Жаңалықтар
0