Екі облыста жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Жазылу
Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Қазавтожол.
Жетісу және Қарағанды облыстарында көліктің барлық түріне жол жүруге шектеу қойылды.
Жетісу облысында 1 учаске жабық:
Үшарал - Достық" 84 – 184 км.
Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км.
Сондай-ақ Қарағанды облысында да – 1 учаске жабық:
Екатеринбург – Алматы,
Солтүстік – Шығыс айналма жолы" 0-16 км.
Пришахтинск ауылы мен Новостройка ауылы арасындағы 16 км
Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді. Өйткені бұрқасын қардан жол көрінбейді.
Қазавтожолдың айтуынша, дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 бірлік техника мен 584 адам жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0