Абай облысында екі жол учаскесі жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 09.45-тен бастап қатты жел мен боранға байланысты жол Жетісу облысына қарай қатынайтын көліктердің барлық түрлері үшін екі жол учаскесі жабылды.
Олар:
Мақаншы – Жалаңашкөл (0-133 шақырым);
Мақаншы – Үшарал (0-48 шақырым);
Айта кетері, бұған дейін ҚазАвтоЖол республикалық республикалық маңызы бар автожолдарда барлық бағыт бойынша шектеулер алынғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0