Қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Квота бойынша 9 483 адам қабылданады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 554 адамға артық
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді, деп хабарлады министрлік.
Квота бойынша 9 483 адам қабылданады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 554 адамға артық.
"2024 жылы өңірлік квота қандастар үшін: Павлодар облысы – 902, Қостанай облысы – 550, Ақмола облысы – 285, Шығыс Қазақстан облысы – 269, Солтүстік Қазақстан облысы – 207 адам, Абай облысы – 220 адам. Ал қоныс аударушылар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы – 2 702, Павлодар облысы – 2 603, Қостанай облысы – 950, Шығыс Қазақстан облысы – 372, Абай облысы – 255, Ұлытау облысы – 132, Қарағанды облысы – 36 адам", - деп жазды ведомство.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетіледі. Олар:
көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 128,37 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды.
2023 жылы 21,3 мың этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
Жаңалықтар
0