Оқиға

Таразда автобус 10 көлікті жайпап өткен: жолаушы ауруханаға түсті

© Sputnik / Абзал КалиевЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Таразда қоғамдық көлік тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысты. Салдарынан автобус салонында отырған 56 жастағы жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
Жол апаты 4 қаңтар 10:45 шамасында Төле би даңғылында болған.
№56 бағдарлы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысқан.
"Жол апаты кезінде автобуста 10 жолаушы отырған. Оның біреуі – 56 жастағы әйел алған жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар жасалады.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
"Жолаушы жүргізушіні ұрып, естен тандырған": Алматыда автобус үш адамды қағып өлтірді
Жаңалықтар
0