Алматыда қарақшылар сингапурлықтардың 13 мың долларын алып кеткен

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды.
"Белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, жиған-тергендерін беруді талап еткен. Қылмыскерлердің олжасы 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл – 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны", - дейді ведомство.
Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді адам, бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.
"Қылмысты ұйымдастырушы зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы білген. Оқиғаны анықтауда бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Жаңалықтар
0