Оқиға

Екі адамды өлтіріп, біреуін жаралаған: Шымкентте ауыр қылмыс жасалды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Жазылу
Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шымкент полициясы хабарлады.
Кеше 1984 жылғы марқұмның денесі, ал бүгін күндіз екінші адамның мәйіті табылды, деп жазды Otyrar.kz.
Бұған қоса күдікті бейсенбі күні тағы бір адамды пышақтаған. 1975 жылғы науқасқа ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Полиция күдіктіні ұстады, ол 28 жаста, жұмыссыз.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптама жасалады. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген Шымкент ПД ресми хабарламасында.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Петропавлда бір отбасының үш адамын өлтіріп кетті: күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар
0