Өңірлер

Бес облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

© Photo : "КазАвтоЖол"Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Жазылу
Республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесі жабылды
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Ақмола облысында – 4 учаске:
"Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП – Қарағанды облысының шекарасы - 61 км;
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 16-51 км, Қосшы қ.- Қарағанды облысының шекарасы - 35 км;
"Астана-Петропавловск" 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қ. - 216 км.
"Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-159 км, Астана қ.- Ерейментау қ.- 143 км.
Жетісу облысында – 1 учаске:
"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст – 100 км.
Қарағанды облысында – 7 учаске:
"Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Новостройка а.- Балқаш қ.– 349 км;
"Қалкаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл. шек.- Ботақара а.- 93 км;
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ.- Қарқаралы қ.– 200 км;
"Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ.- Павлодар обл. шек. – 165 км;
"Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау облысының шекарасы – Топар а. – 118 км;
"Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасы - Темиртау ААП - 73 км;
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 51-266 км, Ақмола облысы шекарасы- Теміртау қ.- 215 км.
Павлодар облысында – 2 учаске:
"Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды облысы шекарасы - Шідерті а. – 71 км;
"Қалкаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 км, Баянауыл а.- Қарағанды облысы шекарасы – 94 км.
Ұлытау облысында – 1 учаске:
"Қызылорда-Павлодар" 756-788 км, Жанаарқа а.- Қарағанды облысы шекарасы – 32 км.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 333 бірлік техника және 485 адам жұмылдырылды, деп атап өтті ҚазАвтоЖол.
Жаңалықтар
0