Елорда тынысы

Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі

© PhotoБолее 30 ЖК-долгостроев завершат в Астане в 2023 году
Более 30 ЖК-долгостроев завершат в Астане в 2023 году - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Жазылу
500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Қала басшысы "Араби 2 - Гранитный 2", "Арыстан, 4-блок" мен "Future home" нысандарының құрылыс барысымен танысты. Осы тұрғын үй кешендері 12 жылдан бері тапсырылмай жатыр.
"Мысалы, "Араби 2 - Гранитный 2" тұрғын үй кешені 2013 жылы проблемалық нысан деп танылған. Мұнда 200-ге жуық отбасы баспанасын күтіп жүр. "Future home" тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысанды Елорда құылыс компаниясына беру кезінде 4 және 7 қабаттар ғана салынған", - дейді Қасымбек.
2023 жылы қалада құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болған. Сол кезде 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.
"Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы мемлекет басшысының тікелей бақылауында", - деп атап көрсетті Астана әкімі.
Жаңалықтар
0