Шахтадағы трагедия: автобус тегіс жолмен келе жатқанда жер опырылып кеткен – министр

© скрин видео kerek.pvАвтобус провалился (https://t.me/sputnikKZ/45297) в воронку: в песке найдены тела двух спасателей
Автобус провалился (https://t.me/sputnikKZ/45297) в воронку: в песке найдены тела двух спасателей - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Жазылу
ТЖМ басшысы автобустың шұңқырдан қашан шығарылатынын айта алмады
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Автобус тегіс жолмен келе жатқанда жер опырылып кеткен. Павлодар облысындағы шахта маңындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда төрт жолаушысы бар автобус Майқайың кеніші шахтасының маңында жер астына құлап кетті. Оқиға түнгі сағат бір шамасында болған.
Министрдің айтуынша, шахтада жұмыс істейтін оператор қатты дауыс пен түтіннен соң құтқарушыларды шақырған.
"Автобус өтетін жер теп-тегі салынған жол, шахта аумағы болды. Автобус келе жатқан жер опырылып құлаған, қатты дауыс шыққан. Шаң боп кеткен ", - деп түсіндірді Шәріпханов үкіметтегі брифингте.
ТЖМ басшысы автобустың шұңқырдан қашан шығарылатынын айта алмады.
"Қазір өте қиын жағдай, себебі автобус құлаған жердің асты қуыс, бос кеңістіктер бар. Оны алу оңай болмауы мүмкін. Дегенмен, біз автобустың нақты орналасқан жерін және бос кеңістіктердің бар-жоғын білу үшін геосканерлеу мүмкіндіктері бар барлық бөлімшелерді тарттық. Автобус бұдан әрі құлап кетпейтініне сенімді болуымыз керек", - деді ол.
Автобусқа жету үшін ауыр техника жұмыс істеп жатыр, деп қосты Шәріпханов.
"Құтқарушылар мен жерасты жұмыстарымен айналысатын қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Бұл процесс оңай емес, белгілі бір нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Жұмыстар жүріп жатыр. Ең бастысы, автобус пен екі адамды таппайынша жұмысты тоқтатпаймыз", - деді министр.
Қазақстанда мұндай апат бұрын-соңды болған жоқ, дейді ведомство басшысы. Сондықтан қазір олар әлемдік тәжірибені, құтқару жоспарын қалай құру керектігін зерттеп жатыр.
ТЖМ мәліметтері бойынша, опырылған жердің ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, ал тереңдігі 150 метр.
Апат кезінде автобуста төрт адам болған, олар: "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші. Құтқарушылар кен орнында шаң шығып, сонда бағыт алған.
Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Автобуста болған екі адамның мәйіті табылды.
Автобус шұңқырға құлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Оқиға
Павлодар облысында автобус жер астына түсіп кетті: тергеу басталды
Жаңалықтар
0