Елімізде баспана бағасы бір жылда қалай өзгерді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
2023 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алып-сату бойынша 37 818 мәміле жасалған
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Өткен жылдың желтоқсан айында елімізде тұрғын үйді сату бойынша мәміле саны 19,2% өсті, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
2023 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алып-сату бойынша 37 818 мәміле жасалған.
Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 238 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 29 580 мәміле жасалды.
"Мәмілелер саны бойынша бұрынғысынша Алматы (7594 – 20,1%) және Астана (7157 – 18,9%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2946 – 7,8%) көш бастап тұр", – делінген бюро хабарламасында.
2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2022 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12,6%-ға көбейген. Ол кезде 33 587 мәміле ресімделген болатын.
Жаңалықтар
0