ҚТЖ жолаушыларды Қарағандыдан Теміртауға дейін тегін тасиды

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Пассажирский поезд
Пассажирский поезд  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
ҚТЖ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр - Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. ҚТЖ Қарағандыдан Теміртауға дейін жолаушыларды пойызбен тегін тасиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауа райының қолайсыздығынан тасжолдың Қарағанды-Теміртау учаскесінде автокөліктерге шектеу енгізілді. Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр - Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін тасымалдайтынын хабарлады.
ҚТЖ азаматтардың барлығынан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және осындай ауа райында сапарға шығудан бас тартуды сұрады.
Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі және "Ktzh_pp_bot" телеграмм боты арқылы алуға болады.
Жаңалықтар
0