Тараздағы дауыл: зардап шеккендердің саны жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Дауыл кей үйлердің шатырын ұшырып, 50-ге жуық ағашты құлатты
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Таразда болған қатты дауылдың салдарынан 9 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz порталына сілтеме жасап.
Ауруханаға жеткізілген бір науқастың миы шайқалса, кейбіреулері қол-аяғын сындырған. Дәрігерлер жарақат алған тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіп үйлеріне қайтарды.
10 қаңтарда кешкі уақытта көтерілген желдің екпіні секундына 30 метрге жетті. Дауыл кей үйлердің шатырын ұшырып, 50-ге жуық ағашты құлатты. Электр бағаналары да қирап қалған. Қала бойынша 250 үй жарықсыз қалды. Қазір коммуналдық мекеме қызметкерлері, қаланы тазарту жұмыстарымен айналысып жатыр.
"Электр энергиясын қалпына келтіру бойынша 12 жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Онда 50-ге жуық маман мен 14 техника жұмылдырылған. Енді әлеуметтік нысандарда жалпы жылыту маусымына байланысты жылу қамтамасыз етілген. Штаттық режимде жұмыс жалғасуда. Бірақ мектепте оқыту онлайн режимге көшірілді. Бүгінше барлық мектептерде осы Тараз қаласы бойынша онлайн режимде оқу жалғасуда", - дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил.
Жаңалықтар
0