Құтқарушылар Қырғызстанның 30 азаматы мінген автобусты қар құрсауынан шығарды

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында құтқарушылар Қырғызстанның 30 азаматы мінген автобусты қар құрсауынан алып шықты.
11 қаңтар күні түсте көлік бұзылып, Самара-Шымкент тас жолында тұрып қалған.
Жолаушылар автобусы Қырғызстаннан Ресейге бет алған. Ішінде 30 жолаушы болған - Қырғызстан азаматтары.
Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы билік жолаушыларды Хромтаудағы кемпингке эвакуациялады, олар медициналық көмекті қажет етпеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райы нашарлап, жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілсе, жолға шықпауға шақырды.
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды
Жаңалықтар
0