Өңірлер

Жұмыстан заңсыз шығарылған 934 мектеп күзетшісіне 115 млн теңге өтемақы төленді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
Білім бөлімдері 1400-ден астам күзетшімен еңбек шарттарын біржақты бұзған
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында 934 мектеп күзетшісіне жұмыстан заңсыз шығарылғаны үшін өтемақы төленді.
Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беру мектептерінің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы аударылмағанын анықтады.
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдары террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген. Осы құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім бөлімдері 1 473 мектеп күзетшісімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.
"Алайда жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген. Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде 115 млн теңге өтемақы төлемдері аударылды", - делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында, деп атап өтті ведомстводағылар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Маңғыстауда клиника 300-ге жуық қызметкердің жалақысын төлемеген
Жаңалықтар
0