Полицейлер Ақмола облысында жолда қалып қойған 65 шетелдікті құтқарды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавл республикалық маңызы бар жолда Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус бұзылып, жүргізуші мен 65 жолаушы жолда қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолаушылардың ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел бар. Олардың барлығы – Тәжікстан азаматтары.
Шетелдіктерге көмекке аға лейтенанттар Азамат Төлегенов пен Нұрсұлтан Сағандықов келді. Олар – "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы. Полицейлер оқиға туралы төтенше жағдайлар құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлаған. Полиция қызметкерлері автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін алып жүрді.
Мұнда шетелдік азаматтар жол ашылғанға дейін болады.
Айта кетейік, ауа райына байланысты республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолының (18-234 шақырымы) Астана-Шучье учаскесі жабылған болатын.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2024
Астана-Щучье тасжолы жабылды
Жаңалықтар
0