Экономика

Қазақстандық блогерлер 200 млн теңге салық төледі – Жамаубаев

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Блогерлердің қызметі бизнеспен байланысты болса, олар салық төлеуге міндетті
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Елімізде тіркелген 400-ден астам блогер 2023 жылы 200 млн теңгеден астам салық төлеген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Жамаубаев мобильді аударымдарға қатысты сұрақтарға жауап берді.
"Кейбір медиа ресурстар мен блогерлердің арасында донат ретінде халықтан ақша жинап, жұмыс істеп жатқандары бар. Олар не істеуі керек? Бұл тәуелсіз журналистикаға тұсау салмай ма?", - деген сауал қойылды министрге.
Оның айтуынша, тәуелсіз журналистикаға ешқандай тұсау болмайды.
"Қазірдің өзінде бізде 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төледі. Егер де олардың қызметі кәсіпкерлікпен байланысты болса, әрине, олар салық төлеуге тиіс. Оған арнайы салық режимдері бар – 1 проценттен 4 процентке дейін. Егер де олардың жұмысы тікелей кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, оларға ешқандай сұрақ туындамайды және салық төленбейді", - деді Жамаубаев.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ауыр сырқаттанған туыстарының еміне ақша жинайтын азаматтар да салық төлеуге міндеттелмейді.
"Ондай қаражат кәсіпкерлікке жатпайды. Сондықтан біз ондай аударымдарды тексермейміз және одан салық алынбайды. Егер де ол критерийлер бойынша салық органдарының назарына ілінсе, біз тиісті ақпаратты сұратамыз. Салық органдары көз жеткізгеннен кейін, әрине, бұл фактілер бойынша ешқандай сұрақ туындамайды", - деп атап өтті вице-премьер.
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2023
Мобильді аударымдар: кімдер салық төлемейді
Жаңалықтар
0