Ақтөбе облысындағы өрт: ауыл тұрғындары газсыз қалды

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаВ Нур-Султане к газу подключили первые соцобъекты и дома
В Нур-Султане к газу подключили первые соцобъекты и дома  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Ойыл ауданындағы төтенше жағдайдан кейін Қаратал ауылының тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Диапазон порталына сілтеме жасап.
Берсиев ауылдық округында газ құбыры отқа оранды. Ақтөбе облысының әкімідігі таратқан мәліметке сәйкес, 15 қаңтарда сағат 17:15-де Қаратал ауылына жақын жерде газ құбырының өрттенгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына арнайы техника мінген өрт сөндірушілер барды. Олар Қаратал ауылына баратын газ құбырын жауып, өртті өшірді.
Ал Ойыл ауданының газ шаруашылығы мамандары жөндеу жұмыстарына кірісті.
Ресми мәліметке сәйкес, Қаратал ауылында 203 үй бар, барлығы 1182 адам тұрады. Ауылдық амбулатория, балабақша, клуб, кітапхана мен әкімдікті электр энергиясымен жылытып отырады.
Жаңалықтар
0