Ауа райына байланысты 12 учаскеде жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық жолдардың 12 учаскесінде көліктердің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Шығыс Қазақстан облысы

1.
"Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов кілттері" автожолының 46-66 шақырымы, Северное ауылынан - Серебрянск қаласына дейінгі аралық - 79 шақырым.

Жамбыл облысы

1.
"Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан - Қайнар ауылына дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 шақырым.

Батыс Қазақстан облысы

1.
"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-104 шақырымы, Оралқаласынан - РФ шекарасына дейінгі аралық - 100 шақырым.
2.
"Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" автожолының 0-213 шақырымы, Чапаево ауылынан - Казталовка ауылына дейін - 213 шақырым.
3.
"Өнеге-Бисен-Сайхин" жолының 0-103 шақырымы, Өнеге ауылынан - Сайхинауылына дейін- 103 шақырым.
4.
"Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы" 0-158 шақырымы, Казталовка ауылынан - Жәнібек ауылына дейін– 158 шақырым.
5.
"Самара-Шымкент" тасжолының 195-251 шақырымы, РФ шекарасынан - Оралқаласына дейінгі аралық– 56 шақырым.
6.
"Самара-Шымкент" автожолының 261-393 шақырымы, Подстепноекентінен - Жымпиты кентіне дейінгі аралық– 132 шақырым.
7.
"Атырау-Орал" тасжолының 189-492 шақырымы, Атырау облысыынң шекарасынан – Орал қаласына дейінгі аралық– 303 шақырым.
8.
"Орал-Теплое" жолының 5-33 шақырымы, Оралқаласынан - РФ шекарасына дейінгі аралық - 28 шақырым
9.
"Подстепное-Федоровка-РФ шек." Жолының 0-36 шақырымы, Подстепное кентінен – Федоровка ауылына дейін – 36 шақырым.
10.
"Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі" жолының 0-14 шақырымы, Подстепное кентінен – Құс фабрикасына дейінгі аралық – 14 шақырым.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 725 техника және 1372 адам жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0