Маңғыстау облысында қырылған аққу саны мыңға жуықтады

© Sputnik / Vladimir VyatkinЛебеди-кликуны на Лебедином озере, расположенном на территории государственного природного комплексного заказника "Лебединый" в Алтайском крае
Лебеди-кликуны на Лебедином озере, расположенном на территории государственного природного комплексного заказника Лебединый в Алтайском крае - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
Табиғат қорғаушылар аққулардың қырылу дерегі Қарақиядан бөлек Түпқараған ауданының теңіз жағалауында кездесуі мүмкін дейді
АСТАНА, 17 қаңтар - Sputnik. Маңғыстау облысындағы қырылған аққу саны 1000-ға жуықтады, деп хабарлайды КТК.
Құстардың өлексесі енді Қаракөл көлінен бөлек, өзге аудандардағы теңіз жағалауынан табылып жатыр. Мәселен Қарақия ауданындағы Құрық ауылынан 20 аққудың өлексесі анықталды.
Қарақия ауданында өлген аққуларды зерттеу мақсатында Маңғыстау облыстық зертхана-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Каспий теңізінен сынама алды. Экологтар суда ластаушы заттардың бар немесе жоқ екенін анықтауы тиіс.
Себебі теңізге тұрмыстық қатты қалдық, қоқыс немесе мұнай-химия заттары төгілсе, ол тек құс емес, басқа да су жануарларының қырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Табиғат қорғаушылар аққулардың қырылу дерегі Қарақиядан бөлек Түпқараған ауданының теңіз жағалауында кездесуі мүмкін дейді.
Сондықтан ветеринарлар күніне екі рет жағалауда бақылау жүргізуде.Аққу өлекселерін өртеп жатыр. Себебі құс тұмауы үй құстарына жұғуы мүмкін деген күдік бар. Тіпті тұрғындарға теңіз жағасына келуге тыйым салынуда.
"Құрық ауылының теңіз жағалауында табылған құстар, сонымен бірге Түпқараған ауданының теңіз жағалауында шығуы мүмкін. Басқа жерден де шығуы мүмкін. Егер ондай болса, жергілікті атқарушы орган ветериналарына хабарланып, тиісті орындарға ветеринария талалабына сәйкес жойылу керек", - дейді Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының инспекторы Мұңалбай Сансызбаев.
Бұған дейін Қаракөл өзеніне жіберілетін суды зерттеу кезінде зиянды заттардың шамадан тыс мөлшері анықталғандықтан "Rixos Aktau" қонақ үйіне қатысты тексеріс басталғанын жазғанбыз.
Әлеуметтік желіде "Rixos Aktau" қонақ үйінен көлге түсетін құбырдың видеосы тарады. Халық көлге зиянды қалдықтардың төгіліп жатқанын жарыса жазды. Соның салдарынан аққулар қырылып жатыр деген болжам да жасалды.
Лебедь на озере  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Қаракөлде аққулар жаппай қырылды – мамандар себебін айтты
Жаңалықтар
0