Маңғыстауда 35 құрылыс компаниясына айыппұл салынды

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
Айыппұлдың жалпы сомасы – 27 млн теңге
АСТАНА, 17 қаңтар– Sputnik. 2023 жылы Маңғыстау облысында үлескерлердің ақшасын заңсыз тарта отырып, сатуға рұқсаты жоқ пәтерлерді сатқаны үшін 35 құрылыс компаниясыы әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға жалпы сомасы 27 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Өңір прокуратурасы үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Ведомствоның мәліметінше, сатылатын пәтерлер туралы хабарламалардың көпшілігі әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда ("Крыша", "ОЛХ", "Кортер", "Инстаграм" және т.б.) орналастырылған.
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері нақты айқындалған.
"Айта кету керек, үлескерлердің ақшасын тарту, яғни рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2023 жылы прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 35 құрылыс компаниясы жалпы сомасы 27 млн теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Құрылыс компаниялары өз бастамалары бойынша сатып алу-сату туралы алдын ала шарттар жасасады, дейді ведомство.

Пәтер сатып алу кезінде нені ескеру қажет

Прокуратура жаңа пәтерлерді алу кезінде сатып алушылар жіберетін қателіктер туралы да айтты.
Таңдау кезінде қателеспеу үшін бірнеше тармаққа назар аударған жөн. Құрылыс компаниясында:
жергілікті атқарушы органдардан алынған жерге тиісті құқық беру туралы шешім:
инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтер көздеріне қосылуға техникалық шарттар,
салымшылардың қаражатын тартуға рұқсат,
жергілікті атқарушы органнан сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
бас сәулетшімен келісілген нобайлық жоба;
жұмыс жобасы сараптамасының оң қорытындысы;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болуы тиіс.
Егер бұл құжаттар ұсынылмаса, құрылыс объектісі заңсыз, яғни тиісті рұқсат құжаттармен рәсімделмеген болып есептеледі.
Жаңалықтар
0