Ақтөбе облысында малдан бруцеллез анықталды

© Sputnik/Ляля ЛиловаКоровы
Коровы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Жазылу
Билік карантин шараларын енгізуді қарастырып жатыр
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында жеке мал шаруашылығының аумағында бруцеллез анықталды. Билік жануарлардың сүті мен етін, сондай-ақ малдың өзін алып шығуды шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдауда, деп хабарлайды "АПК Новости" ақпарат агенттігі.
"Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Қарауылкелді ауылында орналасқан жеке мал қорасының аумағында шектеу шаралары енгізілуі керек", - деп жазылған "Ашық НҚА" порталында жарияланған заң жобасындағы ақпаратта.
Аудандық аумақтық инспекция басшысының ұсынысы негізінде осындай шешім қабылданды. Мал ауруы 16 қаңтарда анықталған.
Хабарланғандай, қараша айында Ақтөбе облысының шаруалары малдың жаппай қырылуы туралы хабарлады. Дәрігерлер жануарлар уланды деп күдіктенсе, шаруалар малдары эмфиземалы көршиқанға шалдыққанын айтты.
Жақында Қазақстанда 2023 жылы қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының көрсеткіштері жарияланды. Статистика бойынша елімізде бір жыл ішінде 60 мыңға жуық ірі және ұсақ мал қырылған.
Бұған дейін Жетісу өңірінде санитарлық дәрігерлері халық арасында бруцеллез ауруының күрт өскенін хабарлады. Науқастардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратыны және бруцеллезді негізінен малдан жұқтырғаны айтылды.
Бруцеллезді емдеуден кейін қалпына келу ұзаққа созылуы мүмкін. Емдеу кешіктірілсе, ол мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Жануарларды күтіп-бағуға байланысты барлық жұмыс арнайы қорғаныс киімдерімен жүргізіліп, жеке гигиена ережелері сақталуы керек, деп ескертті ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер.
Жаңалықтар
0