"Қайрат Нұртас мектеп оқулығында не істеп жүр" – министрлік мәселенің мән-жайын түсіндірді

Кайрат Нуртас - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Министрлік Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды айтып берді.
© PhotoМектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ.
"Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында "Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр" деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма", - дейді министрлік.
Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан.
"Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ", - деп министрлік оқулықтың фотосын жіберді.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігіМинистрлік қолданыстағы оқулықтың фотосын жіберді
Министрлік қолданыстағы оқулықтың фотосын жіберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Министрлік қолданыстағы оқулықтың фотосын жіберді
Ведомствоның айтуынша, мектеп оқулықтары бірнеше сараптамадан өтеді. Сол себепті әншілерге қатысты тапсырманың болуы мүмкін емес, әрі болмайды да дейді министрлік.
Жаңалықтар
0