Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссиясына қандай әскери техникалар жібереді

© Sputnik / Санат ИмангалиевМинистр обороны Казахстана Руслан Жаксылыков
Министр обороны Казахстана Руслан Жаксылыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Бүгін парламенттің екі палатасының депутаттары БҰҰ миссияларына қатысу үшін қазақстандық бітімгерлерді жіберуге дауыс берді
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Құрамында 139 адамы бар қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан биіктігіндегі* Фауар лагеріне орналастырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Буферлік аймақтың ұзындығы – 75 шақырым. Оның ең кең жерінде арақышықтық шақырымға дейін жетеді, оңтүстік нүктесінде ең тар жері 200 метрдей, деп картадан Қазақстан қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов көрсетті.
"Ротаның құрамында 15 брондалған доңғалақты көлік, алты жол талғамайтын көлік, төрт КамАз және бір шағын автобус бар. Техника БҰҰ ұсынымдарына сәйкес таңдалған", - деді Құсайынов.
Рота – миссия командирінің резерві. Бүгінде миссияның қолбасшысы Непал өкілі генерал Тапал, деп қосты ол.
Миссияға барлығы бес мемлекет қатысып жатыр.
*Голан биіктігіндегі – Таяу Шығыстағы даулы аумақ, ішінара Израиль, оның бір бөлігін Израиль, бір бөлігін Сирия бақылайды.
Жаңалықтар
0