Мәдениет

Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен бірге ән шырқады

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2024
Жазылу
Будапеште Пласидо Доминго – Димаш Құдайберген дуэтінің тұсаукесері өтті
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайберген испан опера әншісі Пласидо Домингомен бірге VIRTUOSOS V4+ бірегей форматтағы классикалық музыка саласындағы халықаралық байқауының финалында бірге өнер көрсетті.
Димаш опера әншісімен орындаған әннің үзіндісін өз парақшасына салған.
"Кешегі эфирдің көрсетілімінде Пласидо атамызбен Жорж Бизенің “Pearl fishers” операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындаған болатынбыз", - деп жазды Димаш қз парақшасында.
Пласидо Доминго бұл жобада – халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Биыл алғаш рет төрешілер құрамына Димаш Құдайберген де енді.
Жаңалықтар
0