Маңғыстауда дәрігерлер ағаш жұтып қойған 11 айлық сәбиді аман алып қалды

© Pixabay / Madlen DeutschenbaurМладенец
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2024
Жазылу
Анасының айтуынша, ауруханаға келе жатқанда ол көгеріп, баланың тынысы тарылған
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Маңғыстаулық дәрігерлер тыныс алу мүшелеріне бөгде зат тұрып қалған 11 айлық баланы аман алып қалды, деп хабарлады Lada.kz.
Оқиға Қарақиян ауданындағы Болашақ ауылында болған. Дәрігерлерге сәбидің ата-анасы айтқандай, алдымен баладан ентігу белгілері байқалып, денесі көгере бастаған. Ата-анасы Болашақ ауылындағы жалғыз медбикенің көмегіне жүгінген. Баланы тексергеннен кейін медбике алғашқы көмек көрсеткен. Алайда тамағындағы бөгде затты алып тастай алмаған.
"Дәрігерлер мұндай жағдайда балаға май ішкізу керек дегені есіме түсті. Содан кейін бала өзін сәл жақсы сезінді. Алайда тамағында жатқан бөгде зат сыртқа шықпады", – дейді медбике Аннуза Қадырова.
Үш сағаттан соң медицина қызметкері баланың ата-анасымен бірге жедел жәрдеммен Жаңаөзенге жеткен.
"Қарақиян ауданындағы "Болашақ" станциясынан сағат 18:30-да 11 айлық бала әкелінді. Нәресте мазасызданған,, құсу белгілері байқалған. Анасының айтуынша, ауруханаға келе жатқанда ол көгеріп, тынысы тарылған. Рентгенография кезінде бөгде зат табылмады. Содан кейін нәрестені лор дәрігері қарап, ол өңештің жоғарғы үштен бір бөлігіне катетер жіберіп, бөгде затты алып шықты. Ата-анасының айтуынша, бала плинтустың кішкене бөлігін жұтып қойған", - дейді Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының хирург дәрігері Мақсат Унайбаев.
Күндіз нәресте хирургиялық бақылауда болды. Жағдайы жақсарған соң ата-анасы мен баласы үйлеріне жіберілді. Қазір баланың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ
Жаңалықтар
0