Оқиға

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз қағып кетті

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Поезд прибывает на станцию
Поезд прибывает на станцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында теміржолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы жағдай 21 қаңтарда таңғы сағат 07:27 кезінде Жиделі-Бірлік учаскесінде болған.
"Шығанақ-Шу учаскесіне жақын маңда екі теміржолшы қайғылы жағдайға ұшырады. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды", - деп хабарлады ҚТЖ.
Компания қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Жаңалықтар
0