Астанада Сирия жөніндегі келіссөздер басталды

© Sputnik / Владислав Воднев 18-ая Международная встреча по Сирии в Астанинском формате. Сирийские переговоры прошли в Нур-Султане 15-16 июня
 18-ая Международная встреча по Сирии в Астанинском формате. Сирийские переговоры прошли в Нур-Султане 15-16 июня - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Путиннің арнайы өкілі кездесуге қатысушылар қандай мәселелерді шешуі керек екенін айтты
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның астанасында Сирия бойынша кездесулердің 21-ші раунды өтіп жатыр.
24-25 қаңтарда Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясы, сондай-ақ бақылаушы ретінде Иордания, Ирак және Ливан делегациялары Таяу Шығыс елдері төңірегіндегі жағдайды реттеу жолдарын талқылайды. Келіссөзге БҰҰ, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады.
Форумның бірінші күні Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев журналистерге кездесу барысында қандай мәселе талқыланатынын және Астана процесі қай бағытта жүретінін айтты.
"Өткен жылдың маусым айындағы соңғы 20 кездесуден бері көптеген мәселе жиналды.Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі, Газа секторында қайғылы оқиғалар болып жатқаны, Палестина-Израиль қақтығысының ушыға түскені, Йемен төңірегіндегі қақтығыс жағдайы, Израиль-Ливан шекарасындағы қиындықтар. Сондықтан қазір Сирия бойынша келіссөз жүргізудің маңыздылығы артып келеді, терең және екіжақты келіссөзге деген үлкен сұраныс қатысушы елдер арасында ғана емес, сонымен қатар жалпы форумға қатысатын барлық тарап арасында да бар", - деді Путиннің Сирия бойынша арнайы өкілі.
Оның айтуынша, алдағы уақытта қалыптасуы тиіс желі бойынша саналы және дұрыс шешім қабылдау үшін бұл мәселелер жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
"Барлық 3 кепіл мемлекет – Ресей, Түркия, Иран – Сирия дағдарысын шешуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз барлық тараппен, ең алдымен Сирия үкіметі және сириялық оппозициямен алдағы ұстанымдарымыз бен өзара іс-қимылымызды үйлестіруіміз керек", - деп жалғастырды Лаврентьев.
Бақылаушы елдермен кездесулердің де маңызы зор болмақ, деді ол.
"Біріншіден, бұл – Иордания. Өйткені Сирия мен Иордания шекарасындағы күрделі жағдай, есірткі тасымалының көбеюі, аймақ елдері үшін проблемалар туғызады. Сириялық босқындардың үлкен ағынымен байланысты Ливандағы проблема да бар. Бұл мәселені шешу керек, өйткені бұл Ливан үкіметі үшін проблема тудырады. Сондай-ақ Иракқа қатысты мәселелердің үлкен жиынтығы бар. Ол ең алдымен лаңкестік топтармен күресу және Сирия-Ирак шекарасынан келетін қауіпке қатысты. "Ислам мемлекетінің" жекелеген бөлімшелері (Қазақстанда террористік ұйым ретінде танылған – редакция ескертпесі) соңғы кездері белсенді бола бастады. Бұл Сириядағы терроризмге қарсы күреске тартылған барлық күштердің назарын арттыруды талап етеді", - деді Лаврентьев.
Ол ресейлік тарап өз құзыретіне жататын кез келген мәселені талқылауға дайын екенін айтты.
"Мәселелердің ауқымы өте кең. Менің ойымша, біз Қазақстанның тек халықаралық істерге ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыстағы, соның ішінде Сириядағы жағдайды реттеуге белсендірек араласуының куәсі боламыз. Бұл қуантады", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0