Бақытжан Сағынтаев ЕЭК алқасының жаңа басшысы болады: 4 жыл қорытындысы

© Photo : Пресс-служба ЕЭКЛоготип Евразийской экономической комиссии на фасаде здания
Логотип Евразийской экономической комиссии на фасаде здания  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. 25 қаңтарда сағат 16.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Еуразиялық экономикалық комиссияның 2020-2023 жылдарға арналған жұмысын қорытындылауға арналған Мәскеу – Минск – Ереван – Астана – Бішкек – Ташкент бейнекөпірі өтеді.
2024 жылғы 1 ақпанда ЕЭК-те алқаның жаңа құрамы жұмыс істей бастайды. Қазіргі төраға Михаил Мясникович қызметінен кетеді де, оның орнына Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.
Жиынға қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссияның өткен кезеңдегі жұмысының негізгі нәтижелері туралы айтады.
Спикерлер:
Ия Малкина – Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі;
Виктор Назаренко – ЕЭК техникалық реттеу министрі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев көшесі, 10, 31-қабат.
Іс-шара 25 қаңтарда, Астана уақытымен сағат 16:00-де Sputnik Қазақстан сайтында және сайттың Вконтакте парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу бойынша мына байланыс құралдары арқылы хабарласуға болады: ұялы телефон: + 7 707 854 4162 немесе e-mail: a.manabaev@sputniknews.com
Жаңалықтар
0