Мәжіліс депутаттары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін үкіметке бірнеше ұсыныс тастады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы. Виды города
Алматы. Виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Депутаттар қала әкімдігі мен мәслихатына ерекше мәртебе беруді ұсынып отыр
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін үкіметке бірнеше ұсыныс тастап, шұғыл шара қабылдауды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, зілзалаға қашан да сақадай сай дайын болу керек.
"Алматылықтар болуы мүмкін жер сілкінісі туралы хабарлама алмады. Тұрғындар басында әбігерге түсті. Бойын үрей билеген халық жапа-тармағай сыртқа ұмтылды. Тіпті көпқабатты үйлердің терезесінен секіруге дейін барды. Көліктерімен қала сыртына шығып кетпек болғандарда есеп жоқ. Оның соңы ұзын-сонар кептеліске ұласты. Бұл – еліміздің ең үлкен қаласы, жан-жақты дамыған, инфрақұрылымы мықты Алматыдағы жағдай", – дейді мәжілісмен премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Айтуынша, еліміздің таулы аймақтарында, жерасты қазынаны өндіріп жатқан өндірісті өңірлерде зілзала қаупі жоғары. Сондықтан төтенше жағдай министрлігі мен басқа да тиісті мекемелердің зілзаладан қорғану бойынша жұмыстарын мұқият қайта қараған жөн.
Сонымен бірге, тұрғындар арасында да зілзаладан қорғану шаралары бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.
Бұдан бөлек депутаттар үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады:
тектоникалық жарығы бар, сондай-ақ сел және көшкін қаупі бар аймақтарда жер учаскелерін беруге заңнамалық тыйым салу;
тектоникалық жарығы бар аймақтарда құрылысқа бастапқы материалдар мен рұқсат құжаттарын беруге тыйым салу;
Алматы әкімдігі мен мәслихатына қала аумағын салу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі қосымша құзырет түрінде ерекше мәртебе беру;
жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамасы аясында вибросынақты қолдана отырып, тұрғызылған объектіге міндетті сейсмоаудит жүргізу және объектіні пайдалануға қабылдау сатысында қайта сейсмоаудит жүргізу практикасын енгізу;
Алматының таулы аймақтарында көпқабатты, тіпті екі қабаттан жоғары тұрғын үйлердің құрылысына тыйым салу.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтар күні сағат 00:09-да Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілген. Тұрғындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
Жер сілкінісі туралы ескерту хабарлама алматылықтарға тым кеш келген.
Алматинцы эвакуировались из домов из-за землетрясения - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Алматыда жер сілкінді
Жаңалықтар
0