Өскеменде мұғалімдер мен түлектерді алдаған алаяқтың ісі сотқа жіберілді

© Pixabay / Jana SchneiderПапки с документами
Папки с документами - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласының тұрғыны сыбайластарымен бірге мұғалімдер мен түлектерді 20 миллион теңгеге алдап кеткен. Алаяқтардың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, күдікті әйел 2022 жылдың маусымы мен 2023 жылдың шілдесі аралығында біліктілік алу үшін тестілеуден сәтті өткені туралы сертификат алып беремін деп, 52 адамды 17,4 млн теңгеге алдап кеткен. Бір жалған сертификаттың құны 200 мыңнан 700 мың теңге аралығында болған.
"Сондай-ақ, күдікті ҰБТ-ны сәтті өткендігі туралы сертификат беру сылтауымен облыстың 2 азаматының жалпы сомасы 2,4 млн теңгеге ақшалай қаражатын иеленген. Материалдық залалдың жалпы сомасы 19,8 млн теңгені құрады", - деді Тілеукенов бүгінгі брифингте.
Қазіргі кезде залалды өтеу мақсатында күдіктінің автокөлігіне тыйым салынды. Ал алаяқтық жасаған әйелдің өзі үйқамаққа алынды.
Жаңалықтар
0