Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдегі әскери ұшақ апаты: қаза тапқан штурман – Өскемен тумасы

© Sputnik / Марк Агнор / Медиабанкке өтуЗаправка топливом самолета
Заправка топливом самолета - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
Оның артында әйелі мен екі баласы қалды
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Ил-76 ұшағының штурманы Алексей Высокиннің әйелі Ольга RT арнасына берген сұхбатында күйеуі Сириядағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагері екенін және 2022 жылғы қаңтардағы наразылық кезінде Қазақстанға ұшып барғанын айтты.
"Менің күйеуімнің көптеген марапаты бар: авиациядағы ең маңызды марапаттың бірі Нестеров медалі, "Отанға сіңірген еңбегі үшін" медалін алды. Алексей дұрыс турашыл болды, ешқашан ешкімді алдамаған және өз ар-ожданына дақ түспейтіндей өмір сүрді. Ол ұшуды және ұшақтарды өте жақсы көретін", - деді ол.
Ольга күйеуінің Белгород облысына ұшқанын білгенін, бірақ апат туралы жаңалықтардан естігенін айтты.
"Мен күйеуім кері қайтарылған басқа ұшақта болды деп үміттендім. Бірақ мен оның апатқа ұшырағанын түсіндім. Өйткені рейс алдында ол үнемі өзінің ұшып бара жатқанын және жерге қонғанын хабарлап отыратын - ол маған хат жазатын. Ұзақ уақыт бойы мұнда" хабарламалар болмады. Мен бұған сенгім келмеді", - дейді штурманның әйелі.
Алексей – Өскемен тумасы. Ол Ольга екеуі 2005 жылы үйленген, олардың 11 және 14 жастағы екі қызы бар. Балалар апат туралы біледі.
Ил-76 әскери ұшағын Украина қарулы күштері атып түсірді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Ұшақ тұтқын алмасу мақсатында Украина әскери қызметкерлерін тасымалдау үшін Чкаловский аэродромы - Белгород бағыты бойынша ұшып бара жатқан.
"Ұшақты Украина қарулы күштері Харьков облысының Липцы ауданынан зениттік зымыран кешеннің көмегімен жойды. Ресей әскери-ғарыш күштерінің радиолокациялық жабдықтары екі украиналық зымыранның ұшырылғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында алты экипаж мүшесі, 65 украиналық әскери қызметкер және олармен бірге ілескен үш ресейлік әскери қызметкер болған. Ұшақтың экипажы мен барлық жолаушылар қаза тапты.
Жаңалықтар
0