Алматыда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші ашылды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы В Алматы открыли памятник Мустафе Кемалю Ататюрку
В Алматы открыли памятник Мустафе Кемалю Ататюрку
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
Оны өткен жылы Мұстафа Кемалдың құрметіне ашылған Ататүрік скверінде орнатты
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласында Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіш орнату туралы тапсырманы Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кезінде берген болатын. Оны өткен жылы Мұстафа Кемалдың құрметіне ашылған Ататүрік скверінде орнатты.
В Алматы открыли памятник Мустафе Кемалю Ататюрку
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Алматы
Ескерткіштің биіктігі - 3 метр. Ататүріктің бейнесі қоладан құйылған. Ал тұғыры граниттен жасалды. Авторлары - қазақстандық мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.
В Алматы открыли памятник Мустафе Кемалю Ататюрку
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Алматы
Ашылу салтанатына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жаңалықтар
0