Биыл елімізде құны 1,5 трлн теңге болатын өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасы іске қосылады

© Photo : Премьер-министрдің баспасөз қызметіӘлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді
Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
Үкіметте импортты алмастыруды дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері қаралды
АСТАНА, 26 қаңтар— Sputnik. Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі өсті. Бұл туралы отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында премьер-министр отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Смайыловтың айтуынша, Қазақстанның импортталатын тауарлардың едәуір бөлігін жергілікті жерде өндіру үшін әлеуеті жеткілікті.
Ал өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өз баяндамасында өткен жылдың 11 айының қорытындысына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің сыртқы сауда айналымы 12%-ға артып, 74,2 млрд долларды құрағанын атап өтті.
2023 жылы ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 66 млрд теңгені құрайтын ұзақ мерзімді 179 шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Сонымен қатар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ірі компаниялар ("Қазақмыс", ERG, "Қазмырыш" және т.б.) өз айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруда.
Импорт алмастыруды ынталандыру үшін отандық өңдеушілерді қолжетімді бағамен шикізатпен қамтамасыз ету механизмі іске қосылды. Бүгінде металдың үш негізгі түрі – алюминий, мыс, қорғасын бойынша 25 келісім жасалды. Бұл өңдеуді тереңдетіп, республикада өндірілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың инфрақұрылымға қолжетімділігін кеңінен қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі жетілдірілуде.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде импортты алмастыруға және экспортқа бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 930 млрд теңге болатын 170 жоба іске қосылып, 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, лак және бояу материалдары, арматура, арнайы жұмыс киімі, медициналық жиһаздар, жылу сақтағыш материалдар, лифттер және т.б импортқа тәуелді тауарлар өндірісі жолға қойылды.
Биыл жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, Павлодар облысында ферроқорытпа зауыты, Қостанай облысында жүк көліктеріне арналған темір бөлшектер шығаратын зауыт, Павлодар облысында ұсталық-бандаж кешені, Алматы облысында тұрмыстық техника шығаратын зауыт және Қарағанды облысында жел энергетикасы қондырғыларына арналған құрамдас бөліктер шығаратын зауыт.
Қорытындылай келе, премьер-министр импорт алмастыруды дамыту экономика тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор екенін атап өтті.
"Бұл ретте кешенді жұмыс жүргізу қажет. Осы мақсатта Үкімет Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасын қабылдады. Атап айтқанда, отандық тауарлар номенклатурасын кеңейту және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін арттыру арқылы өндірістің өсуін ынталандыру шаралары жүзеге асырылуда", — деді Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, кәсіпорындардың негізгі қорларын уақтылы жаңарту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу – маңызды міндеттер.
"Өндірісті локализациялауды арттыру мақсатында жобалар қолжетімді қаржыландырумен, оның ішінде бюджеттен тыс көздер және кепілдік беру тетіктерін кеңейту есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар кәсіпорындарға шетелдік тауар жеткізушілермен табысты бәсекелесуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті премьер-министр.
Отырыста көлік, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ секторы және адами капиталды дамыту сияқты салалар бойынша жүзден астам мәселе қаралды. Бизнестің барлық түйткілді мәселелері үкіметтің бақылауында.
Жаңалықтар
0