Банк карталарынан ақша шешіп алған: түркістандықтар алаяққа алданып қалды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2024
Жазылу
Ол жымқырған ақшасын жеке басының пайдасы үшін жұмсап жіберген
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Түркістанда тұрғындарды алдап, банк карталарынан ақша шешіп алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Полицияға 4 тұрғын арызданған.
"Олардың айтуынша, банкоматтың алдында белгісіз азамат ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде "сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады" деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған. Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген", - дейді ведомство.
37 жастағы жұмыссыз ер адам жергілікті тұрғын екені анықталды. Ол жымқырған ақшасын жеке басының пайдасы үшін жұмсап жіберген. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0