Қазақстанда жасы 50-ден асқан 15 мың адам жұмысқа орналасты

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Бұл жоба аясында елуден асып, екі қолға бір күрек тапқандар көбіне Түркістан облысының тұрғындары
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Былтыр "Күміс жас" жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Былтыр 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 50 жастан асқан 15 166 адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды. 2023 жылы жалпы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.
Бұл жоба аясында елуден асып, екі қолға бір күрек тапқандар көбіне Түркістан облысының тұрғындары. Сосын Қызылорда мен Алматы, Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының тұрғындары.
Жұмыс берушінің жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беріледі.
"Жұмыстың бірінші жылындағы субсидиялар мөлшері жалақы мөлшерінің 70%-ін, жұмыстың екінші жылында – 65%-ін, жұмыстың үшінші жылында – 60%-ін құрайды. "Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті", – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.
50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
Жаңалықтар
0