Білім

Мектеп оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Қосымша демалыс бір аптаға созылады
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 1-сынып оқушыларына ақпан айында қосымша қысқы демалыс беріледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Мектептерде III тоқсан 8 қаңтарда басталған болатын. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.
"1-сыныпта білім алатындарға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бүлдіршіндерге үшінші тоқсанда бір апта қосымша демалыс жыл сайын беріледі. Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.
© Photo2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
Жаңалықтар
0