Жер сілкінісінен кейін Алматыда 170 үй газдан уақытша ажыратылды

© Photo : ДЧС Жетысуской областиВзорвавшийся газовый баллон
Взорвавшийся газовый баллон - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Жер сілкінісі: "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары бақылауды күшейтті
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Алматыда жер сілкінісінен кейін жеке үйлердегі газ құбырынан ақау шықты, деп хабарлайды QazaqGaz ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
30 қаңтарда Алматыда газ желілерін пайдалану қызметінің қызметкерлері орташа қысымды жерасты газ құбырынан газдың ауаға таралып жатқанын анықтады. Газ құбырындағы ақауды қалпына келтіру үшін 170 жеке үй көгілдір отыннан уақытша ажыратылды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" мамандары түні бойы барлық шұғыл жұмыстарды атқарды", - делінген хабарламада.
Таң ата абоненттерге қайтадан газды қоса бастады
23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері газ құбырларының жарылуы мен газдың ауаға таралуы сияқты оқиғалардың алдын алу үшін күн сайын бақылау жүргізеді.
Жаңалықтар
0